Қостанай облысы, Амангелді ауданының орталығында туристік кешен құрылысының басталғанын барлық ақпарат құралдары хабарлаған болатын

Аумағы – жеті гектар. Кешен ішінде жалпы саны 12 нысан салынады.

Олар әлемнің жеті кереметі саналатын әрі тарихи маңызы зор нысандардың көшірме үлгісі ретінде салынады. Атап айтсақ, Пирамида, Тәж-Махал, Пальмира амфитеатры, Эйфель мұнарасы… Бразилия, Испания, Еуропа, Азия елдерінде кездесетін тарихи құрлыстар. Сондай-ақ, сақтар саунасы да бар.

Бұл алып құрлыстың идея авторы әрі іске асырушы, ҚазҚСР еңбегін сіңірген құрылысшы, кәсіпкер, меценат Сапар Ысқақов.

Сапар Ысқақұлын қазақ тарихының жоғын түгендеуші, мәдениетін толықтырушы азамат екенін барша қазақ біледі десек, артық айтқандық емес.
«Ұлттық жады қабырғасы» деп аталатын тақта бар қазақ тағзым ететін, көз алдынан еліміздің өткен-кеткенін бір сәтте еске түсіретін құнды мекенге айналары сөзсіз.

Ал бар қазақтың айбары, Мысырды ел қылған, қыпшақ даласының ұланы Сұлтан Байбарыс бабамыздың ескерткіші рухымызды асқақтатып тұр.
Бұл ескерткіш пен “Ұлттық жады қабырғасының” ресми ашылуы 8 қазанда өтті.

Үлкен өркениет орталықтарынан шалғайда жатқан өңірдің эстетикалық талғамын қалыптасыруда Сапар Ысқақов ағамыздың ерен еңбегі кейінгі жас буынға үлгі боларлық іс. Елдің атынан ризашылығымды білдіремін. Ағамызға зор денсаулық тілеймін!

Орталық пен Батысты байланыстыратын күре жолдың бойында орналасқан кешен талай жолаушы мен туристердің саялайтын мекеніне айналады деген сенеміз.

Айбек Мырзағали, фото автора

Редактор

Recent Posts

Взрыв в котельной в поселка Амангельды. Есть один пострадавший

Как только  что сообщил акимат Костанайской области, котел №2 установлен в 2022 году, обеспечивает тепловой…

2 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

This website uses cookies.