Әлемге үлкен қауіп төндіріп отырған короновирустық инфекцияның таралуы әлде де бәсеңдемей отыр
Қостанай облысы бойынша бұл індетке шалдыққандар саны күн сайын өсіп келеді. Осы орайда аудан халқын сақтық шараларын әлде де сақтап, шыдамдылық танытуларыныңызды сұраймын.
Қостанай облысы бас санитариялық дәрігерінің 6.01.2021 жылғы №1 қаулысына сәйкес келесідей шектеулер сақталады:
1) Қостанай облысы елді мекендерінің аумағында тұрғындардың маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топпен немесе бір отбасы мүшелерімен уақыт бойынша шектеусіз жүріп-тұруына рұқсат беру;
2) азық-түлік сатып алу үшін дүкендерге, дәріханаларға, емдеу ұйымдарына шығуды, қоқысты шығаруды, жануарларды серуендетуді, сайлау учаскелеріне баруды және т. б. қоспағанда, Қостанай облысының елді мекендерінің аумағы бойынша 65 жастан асқан азаматтардың жүріп-тұруын шектеу;
3) ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу, сондай-ақ жаппай корпоративтік және басқа да іс-шараларды өткізу үшін жеке меншік үйлер мен құрылыстарды жалға алуға тыйым салу;
4) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, кальян, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар және басқалар), кинотеатрлардың, букмекерлік кеңселердің қызметін тоқтата тұру;
5) фудкорт, банкет залдарының қызметіне тыйым салу;
6) мәдениет объектілерінің (жеке, топтық дайындықтар), театрлардың қызметін тоқтата тұру;
7) қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, оның ішінде қала сыртындағы жол бойы сервисінің қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беру, бір мезгілде 30-дан аспайтын келуші болған жағдайда, 1 үстелде 4-тен аспайтын адам болған жағдайда, жұмыс күндері сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс режимін белгілей отырып, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шаралар өткізбеу. ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр болуы. Жұмыс күндері сағат 23:00-ден кейін, сондай-ақ жексенбі күндері тек алып кетуге және жеткізуге рұқсат етіледі;
8) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс – шараларды сақтай отырып және жұмыс күндері сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін (алдын ала жазылу бойынша) жұмыс кестесін белгілей отырып, бір келушіге бір уақытта келушілердің 30% – дан аспайтын қатысуымен 4 ш. м. есебінен қоғамдық моншалардың, жұмысына рұқсат беру, жексенбі күндері-уақытша тоқтатылады;
9) топта 5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығуларды ашық ауада өткізуге рұқсат беру;
Аудан тұрғындарын аталған талаптарды сақтауға шақыра отырып, қаулыда белгіленген тармақтардың бұзылуы бойынша айыппұл салу шарасы қолданылады. (заңды тұлғаларға 230 АЕК, жеке тұлғаларға 30 АЕК)
Құрметті жерлестер!
Мен аудан әкімі ретінде көпшілік іс-шаралардың, оның ішінде ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналған шараларды ұйымдастыруға әр кез назар аударып келемін. (Өткен жылдары 1000 домбыра жобасы, мектептердегі салт-дәстүр сабақтары т.б) Алдағы уақытта да солай боп қала береді. Биылғы жылға да осы бағытта бірқатар жоспарларымыз бар. Оның ішінде ат спортын дамытуға байланысты. Дегенмен, қазіргі қалыптасып отырған эпидемиологиялық ахуал бұл шараларды өткізуге мүмкіндік бермей отыр. Шыдамдылық танытсақ, ол шараларды өткізетін боламыз. Бүгінгі таңдағы ең бірінші мәселеміз – ол біздің амандығымыз. Сол үшін де халық денсаулығын сақтау үшін жасалып жатқан жұмыстарға баршаңыз да түсіністік танытады деп сенемін.
Амангелді ауданының әкімі,
аудандық короновирустық инфекцияның
алдын алу жөніндегі штаб төрағасы: А.Б.Асанов
Трое из них — дети (далее…)
Как только что сообщил акимат Костанайской области, котел №2 установлен в 2022 году, обеспечивает тепловой…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
This website uses cookies.