
Жанкелдин ауданы, Шилі ауылдық округіннің серіктестік басшысы жомарттық танытты
Қайырымдылық адамгершіліктің үлгісі
Мейірімділік жүректен, мейірімсіздік білектен», – дейді қазақ. Жабыққанға сүйеу, жоқ-жітікке демеу болу – халқымыздың бойына біткен қасиет. Табиғатынан қайырымды қазақ халқы қысқа жіп күрмеуге келмейтін қысылтаяң шақта да бір-біріне көмектесіп қолдау көрсетіп отырған. Бүгінде мемлекет пен қоғам өмірінде еріктілердің рөлі ерекше маңызды. Ерікті болу – адамгершіліктің, отансүйгіштіктің айқын көрінісі.
Жанашырлық – қазақтың қанында бар қасиет. Халқымыз қиындыққа тап болған адамдардан көмегін аямаған. Ел басына күн туған қиын-қыстау сәтте «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара» білген. Осының дәлелі ретінде
“Новонежинка” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Заикин Юрий Васильевич Шилі ауылының халқына қайырымы мол іс жасады. Ол көп балалы отбасыларға 70 қап ұнды тегін таратты. Алдағы уақытта мейірімділікке толы игілікті істер жалғасын таппақ.
“Ауылдағы шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшылары жыл сайын елге көмек қолын созып отырады. Бұл игілікті шара дәстүрлі үрдіске жалғасып келеді. Мен ауыл халқының атынан Юрий Васильевичке алғысымды білдіремін. Ісіне береке берсін”,- дейді ауыл әкімі Ербол Досмағанбетов.
Әрбір жасаған қайырымды істің қайыры бар екенін ұмытпайық.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31