Жанкелдин ауданы, Шилі ауылдық округіннің серіктестік басшысы жомарттық танытты

Қайырымдылық адамгершіліктің үлгісі

Мейірімділік жүректен, мейірімсіздік бі­лектен», – дейді қазақ. Жабыққанға сүйеу, жоқ-жітікке демеу болу – халқы­мыз­­дың бойына біткен қасиет. Таби­ғаты­нан қайырымды қазақ халқы қысқа жіп күрмеуге келмейтін қысылтаяң шақта да бір-біріне көмектесіп қолдау көрсетіп отыр­ған. Бүгінде мемлекет пен қоғам өмірінде ерік­ті­лер­дің рөлі ерекше маңызды. Ерікті болу – адам­гер­шіліктің, отансүйгіштіктің айқын көрінісі.

Жанашырлық – қазақтың қанында бар қасиет. Халқымыз қиын­дыққа тап болған адамдардан кө­мегін аямаған. Ел басына күн ту­ған қиын-қыстау сәтте «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара» білген. Осының дәлелі ретінде

“Новонежинка” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Заикин Юрий Васильевич Шилі ауылының халқына қайырымы мол іс жасады. Ол көп балалы отбасыларға 70 қап ұнды тегін таратты. Алдағы уақытта мейірімділікке толы игілікті істер жалғасын таппақ.

“Ауылдағы шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшылары жыл сайын елге көмек қолын созып отырады. Бұл игілікті шара дәстүрлі үрдіске жалғасып келеді. Мен ауыл халқының атынан Юрий Васильевичке алғысымды білдіремін. Ісіне береке берсін”,- дейді ауыл әкімі Ербол Досмағанбетов.

Әрбір жасаған қайырымды істің қайыры бар екенін ұмытпайық.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Recent Posts

«Туристерге сын-тегеурін»: Қазақстанда көрікті жерлер бар, бірақ инфрақұрылым алға қойылмаған

Қиын жететін өңірлерге ақша құйып, нысандар салудың қажеті бар ма? Әлде әуелі жолды реттеп, сервисті…

2 месяца ago

Как работает туристический хаб в Амангельдинском районе и какие новшества в нем появились

Речь идет о комплексе сооружений Taj Tortgai («Корона Торгая»). Этот объект является местной достопримечательностью, сообщает…

2 месяца ago

Ранее вскрытый участок дороги Амангельды-Урпек восстановлен

Об этом сообщают в оперативном противопаводковом штабе. (далее…)

7 месяцев ago

This website uses cookies.