Жанкелдин ауданында футболдан байрақты бәсеке өтті

Жеңімпаз командалар анықталды

Дене шынықтыру және спорт кешенінде Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына орай футболдан жарыс ұйымдастырды. Байрақты бәсекеге қатысқан командалар өзара бақ сынап, тартысты жарысқа жалғастырды. Ширек финалға жолдама алған командалар жүлделі орындар үшін таласты.

“Біз арнайы футболдан жарыс ұйымдастырдық. Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына орай облыс орталығында кең көлемде мәдени көпшілік шара өтті. Бізде бос қарап отырмайық деп футболдан жарыс өткіздік. Келіп қатысқан барлық командаларға алғысымды білдіремін”,- дейді аудандық мәслихаттың төрайымы Анар Ержігітова.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Ш. Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің командасы жеңіп алды. Жеңімпаз командалар дипломдармен және кубокпен мараратталды.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Суретті түсірген: Жанбол Ғабдырақ.

Редактор

Recent Posts

«Туристерге сын-тегеурін»: Қазақстанда көрікті жерлер бар, бірақ инфрақұрылым алға қойылмаған

Қиын жететін өңірлерге ақша құйып, нысандар салудың қажеті бар ма? Әлде әуелі жолды реттеп, сервисті…

2 месяца ago

Как работает туристический хаб в Амангельдинском районе и какие новшества в нем появились

Речь идет о комплексе сооружений Taj Tortgai («Корона Торгая»). Этот объект является местной достопримечательностью, сообщает…

2 месяца ago

This website uses cookies.