Амангелді ауданында жағдай тұрақты

Бүгін Амангелді аудандық ауруханасының бас дәрігері Жанар Рамазанқызымен сөйлесіп, қазіргі хал-ахуалдарын білдік.

Бас дәрігердің айтуынша, қазір науқастар саны азайып, жүктеме сәл де болса жеңілдеп отыр. Күндіз фильтр кабинетке 5-6 адам ғана келіп қаралса, стационарда 28 адам емделуде. Естеріңізге салып өтейік, өткен апталарда провизорлық стационарда 60-қа жуық науқастар емделген.

Бүгінгі таңда аурухананың дәрі-дәрмектері жеткілікті, динамика тұрақтанып, дәрігерлер қарбаластықтан арылып, бұрынғы жұмыс ритміне қайта оралып жатыр екен. Сонымен қатар, көптен күткен 10 дана оттегі концентраторлары да ауруханаға жетті. Оның 5 данасы жанашыр Мейрам Айдаболов ағамыздың тапсырысы болса, 5 данасы “Шұғыла” қорының “Өмір сыйла” акциясы бойынша келген екен.

Ал Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы 1дана өкпені жасанды желдету аппаратын (ИВЛ) гуманитарлық көмек ретінде берген.

Ал жерлестер жинаған қаражаттың екінші бөлігі дәрі-дәрмекке және ИВЛ аппаратына компрессор сатып алу жоспарланып отыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Цойдың айтуынша “5 шілдеде қатаң карантиндік шектеу шаралары енгізілгеннен бастап 3 апта ішінде 35 951 жаңа КВИ-мен ауыру тіркелді. Жалпы, тіркелген жағдайлардың 29%-ға төмендеуі байқалып отыр”.

Бірақ бұл арқаны кеңге салу деген түсінік емес. Ел жақта той-томалақ, басқосулардың әлі де өтіп жатқанын көріп, біліп отырмыз.

Айбек ТАНАТБАЕВ

Редактор

Recent Posts

Еще в одном селе Амангельдинского района появится сотовая вышка

Договор с подрядчиком, который будет заниматься строительством, уже заключен. (далее…)

4 недели ago

В пяти селах Амангельдинского района установят блочно-модульные ветеринарные пункты с расколом

Отдел предпринимательства и сельского хозяйства разместил на портале госзакупок лоты на приобретение блочно-модульных ветеринарных пунктов…

2 месяца ago

В Амангельдинском районе родился жеребенок редкого кулана

Об этом сообщили в Ассоциации сохранения биоразнообразия Казахстана (далее…)

2 месяца ago

Референдум және мерекелік көңіл-күй

Жанкелдиндіктер белсенділік танытуда. (далее…)

5 месяцев ago

В Костанае чествовали уроженку Амангельдинского района – акына-импровизатора Альфию Орманшину

В конце декабря 2025 года в костанайском смарт-центре IQostanay состоялся творческий вечер «Мен даламның қызымын»,…

7 месяцев ago

«Туристерге сын-тегеурін»: Қазақстанда көрікті жерлер бар, бірақ инфрақұрылым алға қойылмаған

Қиын жететін өңірлерге ақша құйып, нысандар салудың қажеті бар ма? Әлде әуелі жолды реттеп, сервисті…

11 месяцев ago

This website uses cookies.