Биыл алғаш рет ҰБТ өткізу процесінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында бақылаушылар ретінде арнайы мониторингтік топтың өңірлік мүшесі ретінде қатыстым.
Аманкелді ауданында тестілеу Ы.Алтынсарин жалпы білім беретін орта мектебі базасында өткізілді.
ҰБТ форматы биылғы жылы өзгерген жоқ, тестілеу қағаз нұсқасында 5 пән бойынша өткізіледі: 3 міндетті және 2 таңдауы бойынша. Барлығы 120 тест тапсырмасы, ең көп ұпай саны — 140.
Аманкелді ауданы бойынша тестілеуге қатысуға бүгінгі күні 72адам өтініш берді, іс жүзінде 67 талапкер қатысты.
Оқушыларды кіргізу барысында ұялы телефондарды өткізу фактілері тіркелген жоқ. Тестілеу кезінде 2 ұялы телефондарды пайдалану фактілері анықталды.
Біз күн сайын тестілеудің барлық кезеңдеріне қатыстық: тестілеу материалдары салынған қаптарды ашудан бастап сканерленген қорытынды жауаптарды Ұлттық тестілеу орталығына жіберуге дейін.
Биылғы жылы ҰБТ-ны өткізу ережесіне өзгерістер енгізілген, оған сәйкес егер оқушының металл іздегіш арқылы өту кезінде тыйым салынған зат анықталса, мысалы телефон, ары қарай тестілеуге жіберілмейді және оған тестілеуден шығару туралы акт жасалады.
Тестіленушілерге тапсыру орындарында калькуляторлар беріді және тестілеу уақыты 3 сағат 50 минуттан 4 сағатқа дейін өзгерді.
Даулы сәттерді болдырмау мақсатында ұйымдастырушылар металл іздегіш арқылы өту процесін тіркейтін бейнекамералар орнатты.
Тестілеу процесінің өзі арнайы аудиторияларда бейнекамералар арқылы бақыланып, талапкерлерге кедергі келтірілмеді.
Сонымен қатар, әрбір аудитория ұялы байланыс сөндіргішімен жабдықталған ж/е карантинге байланысты барлық сақтық шаралар қатаң сақталған.
Айбек ТАҢАТБАЕВ
Трое из них — дети (далее…)
Как только что сообщил акимат Костанайской области, котел №2 установлен в 2022 году, обеспечивает тепловой…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

This website uses cookies.